Абай облысы ҚАЖД №21 мекемесінде «Соттылықты алып тастау» тақырыбында дәріс өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №21 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған құқықтық дәріс өткізілді. Іс-шара «Соттылықты алып тастау» тақырыбында ұйымдастырылып, оған барлығы 23 сотталған қатысты.

Дәрісті мекеменің заң тобының заң кеңесшісі А.Б. Абдыхамитов жүргізді. Шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілерге соттылықты алып тастау немесе жою тәртібі туралы жан-жақты құқықтық ақпарат беру, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне құқықтық тұрғыдан қолдау көрсету болды.

Кездесу барысында заң кеңесшісі ҚР Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-процестік кодексінің тиісті баптарын түсіндіріп, соттылықты:
• белгіленген мерзім өткен соң автоматты түрде жою;
• сотқа жүгіну арқылы мерзімінен бұрын алып тастау тәртібі;
• соттылықты жоюдың құқықтық және әлеуметтік артықшылықтары жөнінде кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, соттылықтың азаматтардың жұмысқа орналасу, білім алу, шетелге шығу және басқа да заңды құқықтарын жүзеге асыруына ықпал ететіні нақты мысалдармен түсіндірілді.

Дәріс интерактивті форматта өтті. Қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, нақты құқықтық кеңес алды. Өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алған сотталғандар тарапынан белсенділік жоғары болды.

Мекеме әкімшілігі осындай бағыттағы шаралардың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Бұл – сотталғандарды құқықтық тұрғыдан қолдап, олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...