12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Абай облысы ҚАЖ мекемесінде сотталғандар педагогтар мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер колониясында Алғыс айту күні қарсаңында сотталғандар кешкі мектеп педагогтары мен медицина қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Әйелдер құттықтаулар дайындап, қызметкерлерге өз қолдарымен жасаған естелік сыйлықтарын табыс етті.

Кешкі мектеп мұғалімдерінің атына шынайы алғыс сөздері айтылды. Олар сотталғандарға білім алуға көмектесіп, өмірлерін өзгертуге мүмкіндік бар екеніне сенім ұялатады.

Филиппин Республикасының 34 жастағы азаматшасы ұзақ уақыт бойы тілдік кедергінің салдарынан басқа сотталғандармен еркін сөйлесе алмай, өз ойларымен бөлісе алмаған. Кейін ол педагогтарға жүгініп, сөйлеу тілін үйренуге көмек сұрады. Мұғалімдердің қолдауымен әйел қазақ тілін үйрене бастады және бүгінде айналасындағылармен еркін сөйлеседі, мекеменің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, бостандыққа шыққаннан кейінгі болашағына жоспар құрып отыр.

Алғыс сөздері медицина қызметкерлеріне де арналды. Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан 43 жастағы сотталған өз оқиғасымен бөлісті:

— Бас бостандығынан айырылғанға дейін маған жамбас буынын алмастыру бойынша операция жасалған болатын, ұзақ уақыт емделу мен оңалту қажет еді. Алайда денсаулығымды қалпына келтірудің орнына қылмыс жасап, осында келдім. Колонияға келген кезде медицина қызметкерлері менің жағдайыма бірден назар аударып, қажетті шараларды қабылдады. Әкімшіліктің қолдауымен үнемі тексерулер мен ем қабылдап тұрдым. Қазір таяқтың көмегімен болса да өз бетімше жүріп-тұра аламын. Тұрмыста емеспін, балаларым жоқ, ата-анаммен бұрыннан байланысым үзілген. Күзде бостандыққа шығып, туыстарыммен қарым-қатынасымды қалпына келтіріп, өмірімді қайта бастағым келеді. Енді денсаулығым сыр бермейтініне сенімдімін, — деді сотталған.

— Мұндай сәттер қызметкерлер үшін ерекше маңызды. Сотталғандар алғыс білдірген кезде еңбегіміздің зая кетпегенін түсінеміз. Әйелдердің қиындықтарды жеңіп, білім алып, дамып, қоғамға жаңа мақсаттармен оралуға дайындалып жатқанын көреміз, — деді мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.

— Медицина қызметкерлері әрбір адамға көңіл бөлуге тырысады, кез келген жағдайда қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз. Біздің міндетіміз — сотталғандардың денсаулығын сақтау және олардың қалпына келуіне жағдай жасау, — деп атап өтті мекеменің жалпы тәжірибелік дәрігері Нұрбақыт Тұрсымбаева.

В учреждении УИС области Абай осужденные поблагодарили педагогов и медицинский персонал

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай в...

Референдум – демократия көрінісі

Ата заңымызға енгізілген өзгерістер – Қазақ елінің келешегі кемел,...

Алқабилер сотының кеңеюі көптеген мүмкіндіктерге ие

Кез келген адамның құқын әділ қорғау – мемлекеттің міндеті....

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРІКТІ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Абай университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Волонтерлікті дамытудың конституциялық негіздері. Оның...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-шаралар

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қазіргі таңда құқықтық мемлекеттің өзекті міндеттерінің...