Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар арасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттауға бағытталған рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға 5-жасақтан 2 сотталған азаматша қатысып, өзара сұрақ-жауап сайысында бақтарын сынады. Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұрасы, қара сөздері мен философиялық ойлары бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.

Сайыс барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен үзінділер айтып, ұлы ойшылдың адамгершілік, білім, еңбек, тәрбие және өзін-өзі жетілдіру туралы тағылымды ойларына тоқталды.

Абайдың шығармалары – ұрпақты білімге, еңбекке, адалдыққа және ізгілікке тәрбиелейтін рухани қазына. Ақынның «Толық адам» идеясы бүгінгі таңда да өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтқан жоқ.

Іс-шараның басты мақсаты – сотталған азаматшалардың рухани дүниесін байыту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, Абай шығармашылығы арқылы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Іс-шара соңында қатысушылар Абай мұрасының әр адамға ой салып, жақсы қасиеттерге ұмтылуға шақыратынын атап өтті.

Абай сөзі – халықтың рухани шамшырағы. Ұлы ақынның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, адамды білімге, еңбекке және ізгілікке бастай береді.

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...