Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шараны КМҚК «Семей мәдени-демалыс орталығы» ұйымдастырып, ұлы қазақ ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына арналды.
Концерт барысында сотталғандарға қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттайтын музыкалық шығармалар мен әндер ұсынылды. Сонымен қатар Абайдың адамгершілік, білім, еңбекқорлық, бірлік және рухани кемелдену тақырыптарын қамтитын шығармалары орындалды.
Мұндай мәдени-ағартушылық іс-шараларды өткізу сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға және Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеуге ықпал етеді.
Концерт жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, сотталғандарға жағымды әсер қалдырды.


