«Биылғы жылы Қазақстан тарихи маңызы бар бірқатар мерейтойлық даталарды атап өтпек. Біздің іс-шара қазақ әдебиетінің классигі, философ, ағартушы, ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы.
Абай әлемдік деңгейдегі құбылыс ретінде танылуы оның әдебиеттегі ізденуімен ғана емес, сонымен қатар, сөзге шешен әділ би болғандығымен де белгілі. Абай дау-жанжалдарды қарағанда, тек қана әділ әрі риясыз шешім шығарып, қарапайым және адал адамдарды қорғаған.
Жас ұрпақ үшін Абайдың рұхани мұрасы жоғары.
Біз көбінесе Абай Құнанбайұлын қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, композитор, классик ақын, заманының әділ биі, ел басқарудың жүгін қайыспай көтерген нар тұлғалы қоғам қайраткері деп біліп келсек, бүгін абайтанушы ғалымдардың арқасында Абай Құнанбайұлын заңгер ретінде жаңа қырынан танып отырмыз.
Абайдың «Қарамола ережесі» алғашқы заң құжаттарының бірі болып табылады, оның ішінде моральдық-өнегелік бағдар мен мінез-құлық қағидалары бекітіліп, би соттарының қызметі ретке келтірілді.
Жалағаш аудандық соты Әкімшісінің басшысы А.Қ.Алтынбаев