spot_img
spot_img

Абай — біздің заманымыздың да ойшылы

      Биыл қазақтың бас ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының туғаныны 180 жыл толып отыр. Абай жайлы талай еңбек жазылды, өлеңдері мен қара сөздері мектеп оқулығынан бастап, әдебиет, философия, тарих зерттеулеріне арқау болды. Бірақ біз Абайды тек өткен ғасырдың тұлғасы деп қарауға дағдыланып қалған секілдіміз.

       Ал шын мәнінде, Абай- мәңгілік. Оның ойлары, толғаныстары біздің қазіргі заманда да өзекті. Бүгінде әлем цифрлы дәуірге аяқ басты, жас ұрпақ әлеуметтік желі, жаңа технология мен виртуалды әлемде өмір сүруде. Осындай кезде Абайдың «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» деген өсиеті бұрынғыдан бетер құнды.

       Абай – өзін-өзі танудың, ізденудің, рухани тазалықтың символы. Егер Абай бүгінгі күні өмір сүрсе, бәлкім, ол Tik Tok-та поэзия оқып, Instsgram-да қара сөздерін бөлісер еді. Бірақ оның негізгі мақсаты өзгермес еді: адам болу, адалдықты сақтау, білімге құштарлық.

       Абай айтқан «Толық адам» концепциясы – қазіргі қоғамға ауадай қажет. Материалдық құндылық алға шыққан уақытта, рухани тоқырау байқалады.

Осындайда Абайдың: «Адамның баласы – адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» дегені ә рбәріміздің есімізде жүргені жөн.

      Бүгінгі жастар өз уақытын пайдалы өткізіп, бос әңгіме мен пайдасыз іс – әрекеттен арылып, өзін тануға, білім алуға, өнер үйренуге ден қойса – бұл да Абай армандаған қоғамның бір көрінісі болмақ.

     Абайдың 180 жылдығы – тек еске алу емес, оның мұрасын жаңа заманның сүзгісінен өткізіп, бүгінгі ұрпаққа тың форматта жеткізудің мүмкіндігі.

    Себебі Абай — біздің де замандасымыз.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе бас маманы А.Жакупова

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...