12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай — өткенмен бүгіннің жарасымы

       Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының (1845 — 1904) туғанына биыл 2025 жылы 180 жыл! Дәл осы күн 2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысымен Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай күні» деп бекітілген болатын. Міне, содан бері 10 тамыз — қазақ халқы үшін айтулы мереке.

        Абай – қазақ халқының рухани көсемі, жүрегіміздің төрінен орын алған ұлы ойшыл, ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, жазба қазақ әдебиетінің ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Оның әрбір өлеңі мен қара сөзі – терең мағынаға толы, өмірлік ұстанымға айналар тағылым. Ол — тарихта өшпес із қалдырған дара да, дана тұлға. Абай тек өз дәуірінің емес, бүгінгі күннің де, болашақ ұрпақтың да шамшырағы.

       Абай 170-тен астам өлең  жазды. 56 аударма мен философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «қара сөздің» авторы.  Оның тілі – таза, ойы – терең. «Қара сөздері» арқылы ол өмірдің мәнін, адам болмысының сырын ашты. Әр сөзі – ғибрат. Қанша оқысам да, жаңаша ойға жетелейді.     

        Абай өз кезеңінде құқықтық мемлекеттің не екенін білмегенімен, құқықтық мемлекетке тән белгілерге тоқталады. Мысалы, билік пен халықтың арасындағы байланыс, теңдік, адам құқығының қорғалуы туралы ойларының бүгінгі күні өзектілігі арта түспесе, кеміп отырған жоқ. Абай: «Адам баласына адам баласының бәрі — дос. Не үшін десең: дүниеде жүргенде туысың, өсуің, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, барар жерің бәрі бірдей… Біріңе бірің қонақ, қонақ соры екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің…» — дейді. Бұл жерде ол тура айтпаса да адам баласының бірі-бірімен тең екенін, адам баласы бәріне ортақ табиғи құқықтарымен бірге өмірге келетінін астарлап жеткізіп отыр.

        Абай шығармаларында адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетіне тіл тигізбейді. Біз өмір сүріп отырған қоғамда бұл жағдай керісінше өрши түскен. Адамдардың бір-біріне тіл тигізуі, ар-намысын қорлауы үйреншікті әдетке айналып кеткендей. Қоғамдық қатынастарға түсуде адамдардың мәдениетті, сабырлы, салмақты, мейірімді, әділ болуы бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыда Абайдың бойындағы қасиеттерді адамдар өз бойларына дарытуы қажет. Құқықтық мемлекет құруға талпынып отырған еліміздің әрбір азаматы өз құқықтарын біліп қана қоймай, өзгенің  құқықтарын сыйлап, бұзбауға тырысуы керек.

       Қоғамдық қатынастарды реттеуде заңдар негізгі рол атқарады. Құқықтық мемлекеттің басты белгісі болып табылатын заңның үстемдігі, яғни заң алдындағы барлық адамдардың тең болуы, заңға бағыну, заңды сыйлау туралы мәселелер қазіргі қоғамда талқылаудан түспей жүрген сұрақтар қатарында. Зерттеу барысында  Абай өз шығармаларында заң күшінің басым болуын, адамдардың жауаптылығын сөз ететіндігіне көз жеткіздік. Демократиялық қоғамдағы билік мәселесін, соның ішінде заң шығарушы органның құқықтық мәртебесінің жоғары болуына тоқталады. Бұған оның: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» отыз жетінші қара сөзі дәлел бола алады. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.

        Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына. Оның жүрек шерімен жазған өлеңдерінің тағылымы тереңде жатыр. Абайдың шығармалары – тек әдеби мұра ғана емес, ұлттық болмысымыздың айнасы. Елбасымыз: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен бірге мәңгі-бақи жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», деген өнегелі сөзі бар. Демек, Абай шығармалары біз мәңгі сусындайтын сарқылмас бұлақ.

        Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты. Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етті. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырды. Сондықтан, Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамдардың бірі.Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуыда.

          Мен үшін Абай – ұлылықтың белгісі. Оның «Адам бол!» деген бір ауыз сөзі – өмірлік ұстанымым. Жастайымнан Абайдың өлеңдерін оқып, оның айтқан өнегелі сөздерінен тәрбие алып келемін. Әсіресе, еңбек, білім, адамгершілік, әділет, махаббат жайлы ойлары мені қатты толғандырады. Ол адам жанын терең түсіне білді, жүрекке әсер ететін сөздер арқылы ұрпағына жол көрсетті.

      Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» – деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек деп ойлаймын.

      Абай – менің жүрегімде. Оның мұрасы менімен бірге өмір сүріп келеді. Мен Абайды оқу арқылы өзімді тануға, жақсы адам болуға ұмтыламын. Сол себепті, Абай – менің ұстазым, рухани серігім.

Ақтөбе облыстық сотының бас маманы Берікбайқызы Әсем

АЭС: Разьяснения на слухи относительно стоимости строительства

Казахстан готовится к строительству первой АЭС – шагу, способному...

Шерзаттың ісі бойынша сот әділ үкім шығарды: кінәлілерге барынша ауыр жаза тағайындалды

Сот отырысы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Построение клиентоориентированного госаппарата – важная задача государственной службы

Соблюдение этических   норм   -   одно из основных требований, предъявляемых для государственных служащих....

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом по делам государственной службы по г.Алматы проведено...

Роль судов по делам несовершеннолетних Республики Казахстан

Суды по делам несовершеннолетних в Казахстане — это специализированные...