Абақтыда ауызашар қоржындары таратылды

Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ЗК-169/5 мекемесіндегі сотталғандарға ауызашар қоржындарын таратты.

-Қателеспейтін жан болмайды. Сіздерді қателесті екен деп мемлекет шеттетіп жатқан жоқ. Керісінше сіздердің оңалып, түзу жолға түсулеріңізге барынша жағдай жасап жатыр,-деді ҰҚК-нің жедел уәкілі.

Мекемеде жазасын өтеп жатқандар арасында дінге сенуші 217 сотталған бар. Бүгінде олардың тарапынан тәртіп бұзушылық болмаған. Барлығы ҚРІІМ-нің 503-ші бұйрығының талаптарына сай, ішкі күн тәртібін сақтай отырып діни жоралғыларын орындап келеді.

Шара соңында сотталғандар қасиетті айдағы қайырымдылықты ұйымдастырушылар үшін алғыстарын білдірді.

ЗК-169/5 мекемесі,

Қызылорда облысы

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...