№2 Түзеу мекемесінде Астана қаласының өкіл имамы :«Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы
Жусупов Ерболат пен ұстаздар, келіп бас бостандығынан айырлған адамдарға кітаптар сыйлыққа
берді.Имам, жазасын өтеп жақандарға уағыз насихат айтып түсіндіру жұмысың өткізді.
«Қоғамдағы ізгі рухани құндылықтарды сақтап қалу бүкіл әлеуметтің ортақ міндеті. Қоғамда
шығып жатқан талай келеңсіз жайттар ең алдымен ата-дәстүрімізден жалғасып келе жатқан
ибалық, имандылық, ұяттылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, қанағатшылдық сияқты асыл
қасиеттерден, дегдарлық дәстүрімізден айрылып бара жатқандығымызды білдіреді. Біз
имандылыққа шақыру дегенде тек құлшылыққа, ғибадатқа шақыруды ғана айтпаймыз, ең
алдымен халқымызда бар әдептілікке, жақсы мінез-құлыққа, адамдар арасындағы жақсы қарым-
қатынасқа, мейірімділікке, иманды тәрбиеге шақыруды айтамыз. Пайғамбар (с.ғ.с.) да өзінің
адамзатқа елші етіп жіберілуінің ең басты мақсаттарының бірі көркем мінез-құлықты толықтыру
екендігін баса айтқан.
Ендеше, халқымыздың асыл қазынасы болып саналатын игі дәстүрлеріміз орнықты болса,
имандылығымыз да, дініміз де баянды болмақ. Өйткені қазақ халқындағы дін мен дәстүрді бір-
бірінен айырып қарауға келмейді. Мысалы, қанға сіңген қасиетіміз қанағатшылдықтың асылы
дінімізде, үлкенге құрмет, кішіге ізет, әдептілік те, обал-сауапты білу, аманатқа қиянат жасамау,
ешкімге жәбір көрсетпеуге тырысу, жапа шеккен жанның наласынан, жетім-жесірдің ақысын
жеуден қорқу сезімі, Құдай Тағаланың қаһарынан қорқу, ағайынгершілік, адал мен арам ұғымы –
барлығының негізі дінде жатыр. Сол сияқты туған елге, жерге қатысты отаншылдық, сүйіспеншілік
сезімдері де имани сезімдермен астасып жатқан дүние.» деді Ерболат имам.!!