Әлеуметтік желіде жоғалып кеткен қазақ әуендері қашан қайтарылатыны әлі де белгісіз

Meta компаниясына тиесілі Instagram мен Facebook қазақ әуендерін қашан желіге қайтаратынын ашып айтпай отыр. Әділет министрлігі келіссөздердің әлі күнге дейін жалғасып жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова келісcөздер кезінде Meta компаниясы әу бастағы келісімшарт негіздерін жария етуге құлықсыз болғанын айтып отыр. Дегенмен ортақ мәмілеге келген тұста әндер бір сағата плейлистте пайда болады.

«Қарашаның соңында барлық қазақ әні жоғалып кеткені рас. Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, бұл жағдай қоғамда, соның ішінде Instagram қолданушылары арасында үлкен резонанс туғызғанын ескере отырып, Meta компаниясына жүгінгенбіз. Олар келісімшарт талаптарын жариялай алмайтынын, бірақ жақын арада ортақ келісімге келеді деп үміттеніп отырғанын айтты», — деді ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.

Еске салайық, қазақ әуендерін қазақстандықтар белгілі платформадан былтыр жыл аяғында жоғалтып алады. Себеп: қазақ музыкасын халықаралық деңгейде ұсынатын авторлық қоғам Instagram, Facebook желілері кіретін Meta компаниясымен арадағы төлем мәселесі үшін келісе алмай қалған. 

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.