Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жалғасуда.
Осыған байланысты, әлеуметтік саладағы мемлекеттік аппаратты бюрократияландыру мәселелері бойынша мониторинг шеңберінде мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының мониторинг нысанасымен шектелмей, бюрократиялық проблемаларды айқындау мақсатында мемлекеттік функциялар мен ұйымдық құрылымдар бойынша қызметіне талдау жасалды.
Мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі — өркениетті қоғам дамуының ажырамас бөлігі. Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету өз қоғамын нығайтуға және әділдікке қол жеткізуге ұмтылатын елдер үшін негізгі критерий болып табылады. «Әлеуметтік мемлекет» және «әділ мемлекет» ұғымдары азаматтарға лайықты өмір сүру үшін қажет нәрсенің бәрін беру міндеттемесін қамтиды.
Мониторинг нәтижесінде мемлекеттік органдар мен Алматы қаласы халқының әлеуметтік осал топтары жиі кездесетін негізгі проблемалар анықталды.
Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Инватакси қызметтері Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады.
«Инватакси» қызметі жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес мүгедектігі бар жұмыс істейтін және білім алатын адамдарға бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады. Мүгедектігі бар басқа адамдарға «Инватакси» қызметі олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады.
Тиісінше, «Инватакси» қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар тәулігіне сағатпен өлшенген автомобиль көлігінің нақты жұмыс уақытына сүйене отырып жүзеге асырады.
Алайда, бұл мән-жайлар бүгінгі күні салалық Ережелерде мүгедек адамдарды инватаксиге тасымалдау саны бойынша шектеулер көзделмегенін көрсетеді, бұл көрсетілетін қызметтің сапасына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкелуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғандар, кейбір жағдайларда тасымалдаушылар мен қызмет алушылар пайдакүнемдік мақсатта пайдаланылады.
Мәселен, мүгедектігі бар адам инватакси қызметтерін айына 120 ретке дейін пайдаланатын мысалдар бар (бюджеттен 120 сапар үшін 1 млн.теңгеден астам сома жұмсалады), таксиді күніне 9 ретке дейін пайдалану жағдайлары бар.
Осыған байланысты Департамент «Инватакси» көрсетілетін қызметтерінің санын шектеу бөлігінде мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу қажеттігін ұсынды.
Сондай-ақ, мониторинг барысында жастар практикасы бойынша әлеуметтік бағдарламаның бірқатар мәселелері анықталды. Халықты жұмыспен қамтуды қолдау жүйесін, тіркелетін жұмыссыздықтың төмен деңгейінің себептерін және жастар арасында жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына «жүгінбеуді» зерделей отырып, мынадай тежегіш факторларды бөліп көрсетуге болады.
Атап айтқанда, бұл жастар арасында Алматы қаласы орталығының қызметтеріне сұраныстың жеткіліксіздігі, жұмыс берушілердің жұмыспен қамту бағдарламаларына тартылуы мен сондай-ақ тұрақты жұмыспен қамтудың жеткіліксіздігі.
Осыған байланысты, жұмыс берушілерді жұмыспен қамту қызметтерімен өзара іс – қимыл жасауға ынталандыру мақсатында Департаментпен жұмыс берушілерді ынтымақтастыққа тарту бойынша стратегиялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу ұсынылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады, өйткені елде мемлекеттік аппаратты реформалау, сондай-ақ оның тиімділігін арттырудың жаңа тәсілдерін анықтау мәселесі тұр.
ҚР Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша
департаментінің басшысы
Ш.Әлімхан