12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі адам құқығы — ең жоғарғы құндылық

Адам құқығы туралы сөз қозғалғанда Ата заңымыз Конституциямызды еске түсіретініз рас және ол орынды.
Ал әкімшілік сот ісін жүргізуде азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мен қорғауды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы негізінде қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жүзеге асырады.
Құрылғанына төрт жылға жуықтаған әкімшілік соттар Кодексте көрсетілген заңдылықтарды сақтап, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жолында күнделікті тынбай еңбек етуде.
Тақырыпты аша түсу үшін Кодекстегі соттың белсенді рөлі қағидатына ерекше тоқталуды жөн көрдім.
Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Судья әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.
Осы Кодекс қабылданғанға дейін азаматтық істерді қарау барысында сот тек тараптар ұсынған құжаттар мен дәлелдемелерді зерттеуден әрі аса алмайтын. Себебі, азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады.
Кодекстің ерекшелігі де сол, алдын ала тыңдау барысында жауапкерден немесе мүдделі тұлғалардан іс үшін маңызы бар құжаттарды сұратып, істің толық әрі жан-жақты қаралуына едәуір өз көмегін тигізуінде.
Әкімшілік соттарда жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар қаралатынын ескерсек, істерді қарау тәжірибесінде: жер, салық, мемлекеттік сатып алу, тұрғын үй кезегін қалпына келтіру санатындағы даулар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделері көптеп бұзылатыны көрінеді.
Мысалы, тұрғын үй кезегін қалпына келтіру туралы дауларда әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың құқығы өте жиі бұзылады. Тұрғын үй комиссиясы формальды негіздер бойынша азаматты кезектен алып тастап, бұл туралы оған уақытылы әрі тиісті түрде хабарланбай жатады. Кезектен шығарылған азамат өз кезегінде бұл туралы араға бірнеше ай, тіпті жыл салып мемлекеттік мекемелерден кездейсоқ біліп жататын жәйттар да аз емес. Салдарынан, тұрғын үй комиссиясы хаттамасының күші жойылып, кезекті қалпына келтіруге міндеттеледі.
Бұл сот тәжірибесінен келтірген жалғыз мысал, бірақ бір істің мысалы соттарда күнбе-күн қайталанатыны өкінішті. Лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар бір рет жіберген қателігін бірнеше рет қайталауын жалғастырып, қалыптасқан сот тәжірибесінен сабақ алар емес. Салдары, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуда. Бірақ бұл әкімшілік сот ісін жүргізудегі жағдай мүшкіл дегенді білдірмейді. Тәжірибеде, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар кемшілігін байқап, оны тез арада жойып істі бейбіт жолмен шешуді көздейтін істер де аз кездеспейді. Бұл тұрғыда соттың белсенді рөлін негізге алған төрағалық етуші судья да істі бейбіт жолмен шешудің басымдықтары мен салдарын түсіндіруде маңызды рөл атқарады.
Қорыта келе, еліміздің әкімшілік соттары Ата заң мен Кодексті басшылыққа алып, тараптардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін еңбек етуін жағастыра бермек.

Т.Т. Аликулов, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Қазақ тіліне құрмет әрбір адамның өзінен басталады

Кезінде белгілі шығыстанушы-түрколог, этнограф В.В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінен тек...

Кассациялық соттың маңызы зор!

Елімізде кассациялық соттардың құрылуы саладағы маңызды өзгерістердің бірі болып...

Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды бейбіт жолмен шешу

Елімізде татуластыру рәсімдерін дамыту дауларды шешудің және азаматтар мен...

Төлем қабылеттілігін қалпына келтіру тиімді

Бүгінде қазақстандықтар онлайн және офлайн режимде банкроттыққа өтінім беру...

ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ АУҚЫМЫ АРТА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне де сәйкес толықтырулар мен өзгерістер...