12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік құқық бұзушылық істерді жүргізу роботтандырылған жүйе арқылы іске асуда

Қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау процесі цифрландыру және роботтандыру арқылы жеңілдетуде. Бұл жүйе автоматтандырылған дерекқорлар,  жасанды интеллект және электрондық құжат айналамы негізінде  жұмыс істейді.

 Пилоттық жоба ретінде 2024 жылғы 30 шілде айынан бастап роботтандыру арқылы әкімшілік құқық бұзушылық істер тіркеліп қаралуда. 

Бұл әкімшілік құқық бұзушылық істерді іріктеу мен сотқа жолдау жұмысын жасанды интелект атқаруда.

Қазіргі заманғы технологиялардың қарқынды дамуы роботтандыру және  жасанды интеллекттің  мемлекеттік басқару жүйесіне, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық істеріне ықпал етуіне алып келді. Бұл процестер құқық қорғау  органдарында, сот жүйесінде және құқық бұзушылықтарды анықтау  мен алдын алу шараларында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Яғни, әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау процесіне жасанды интелект пен роботтандыру технологиялары енгізілді. Бұл жаңашылдықтар құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіріп, процестерді автоматтандыру арқылы  тиімділікті арттыруға бағытталған.

Жасанды интелект мен роботтандыруды енгізудің артықшылықтары:

-Жылдамдық- құқық  бұзушылықтарды анықтаудың  тиімділігі мен жылдамдығы артады. Істерді қарау уақыты қысқарады.

-Ашықтық- шешімдер қабылдау  процесі ашық болады, жемқорлық қаупі азаяды.

-Деректердің нақтылығы- адам факторының әсерін төмендету арқылы қателіктер  азаяды.

-Қолжетімділік- азаматтар өз істерін нің мәртебесін онлайн арқылы бақылай алады.

-Сот және әкімшілік  процестердің жеделдігі артады.

-Құқық қорғау  органдарының ресурстары оңтайландырылады.

Мысалы, жасанды интелект жүйелері әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды тіркеу және талдау жұмыстарын автоматтандыруда қолданылады. Бұл технологиялар құқық   бұзушылықтарды жылдам анықтап, тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, роботтандырылған жүйелер әкімшілік істерді қарау барысында құжаттарды өңдеу, мәліметтерді жинау және талдау сияқты міндеттерді атқарады. Бұл процестердің жылдамдығы мен дәлдігін арттырып, адами фактордан туындайтын  қателіктерді азайтады.

ӘҚБК-нің 610 бабы жол көлік оқиғасына байланысты полиция қызметкерлерінің істі сотта дереу қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының дереу заңды  күшіне енуі және қысқартылған қаулы алу туралы ұсынысына тараптардың келіскен жағдайда өтінішке қол қою арқылы,  автоматты түрде санаулы минут ішінде толтырып, робот автоматты түрде тексеріп, тіркеп сотқа судьяның қарауына жолданылады.  Сотта жедел қаралып қысқаша қаулы шығарылады.

 Бүгінгі күнге дейін Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің кеңсесіне жалпы қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істер саны- 2862 болса, оның ішінде 966 іс автоматтандыру (роботтандыру жүйесі) арқылы тіркеліп  қаралды.

Ескерту: Егерде өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам жасалған құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындаса және жәбірленуші адам (көлік  құралынның  иесі) болған дәлелдемелерді дауламаған жағдайда, сонымен қатар, істі  тараптардың қатысуынсыз  қарауын өтініп  қысқаша  қаулы  шығаруға келіскені туралы өтініш жазған жағдайда ғана, сотта дереу қаралып қысқаша қаулы шығарылады.

Жалпы, роботтандыру және жасанды интеллектіні әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау процесіне енгізу құқық қорғау органдарының жұмысын заманауи талаптарға сай жетілдіруге және және сот әкімшісі мамандарының жұмыс көлемін азайтып, судьялардың уақытын үнемдеуге және азаматтардың құқықтарын қорғауды қаматамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Өскемен қаласының әкімшілік 

құқық бұзушылықтар жөніндегі 

мамандандырылған соты

әкімшісінің басшысы                                                                          Ш.А.Ислямова

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...