Әкімшілік істегі жазбаша іс жүргізу

​Қолданыстағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, әкімшілік іс жүргізу ауысша және жазбаша түрде жүргізіледі.
​Сотта жазбаша іс жүргізу тараптардың келісімімен жүргізіледі.
Әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға жатады. Аса күрделі әкімшілік істер бойынша бұл мерзім соттың уәжді ұйғарымымен ақылға қонымды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
​Жазбаша іс жүргізудің бір ерекшелігі, егер бұл істі дұрыс шешу үшін қажет болса, сот өз қалауы бойынша ауызша талқылауға көшуге құқылы. Қажетті ауызша сот талқылауын өткізгеннен кейін жазбаша іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру қосымша ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады.
Әкімшілік іс осындай тәртіппен қаралған кезде сот тараптар ұсынған және өз бастамасы бойынша талап етілген дәлелдемелерді зерттейді және олар бойынша шешім қабылданады.
Жазбаша іс жүргізу тәртібімен қаралған әкімшілік іс бойынша шешім жазбаша іс жүргізу мәніне сәйкес келетін қағидалар ескеріле отырып қабылданады және оған апелляциялық және кассациялық тәртіптермен шағым жасалуы мүмкін.
​Яғни, жазбаша талқылаудың ерекшеліктері:

  • Жазбаша талқылауға тараптардың келісімі;
  • Әкімшілік іс ауызша сот отырысын өткізуді қажет етпейді;
  • Сот тараптар ұсынған және өз бастамасымен сұратқан дәлелдемелерін зерттейді, сол бойынша шешім қабылдайды;
  • Сот жеке процестік әрекетті жасау немесе процестік мәселені шешу үшін ауызша сот отырысын тағайындауы мүмкін;
  • Қажетті ауызша сот талқылауын өткізгеннен кейін жазбаша іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру жалғасады.
    Жазбаша талқылаудың тиімділігі ретінде тараптардың уақыты мен қаржысын үнемдеуін айтуға болады, өйткені жазбаша іс жүргізуде әкімшілік іске қатысушылардың сотқа келуі, сот отырысына қатысуы қажет етілмейді.

Түркістан облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының судьясы Гульмира Мекембайқызы

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...