Әйелдер колониясында көрме ұйымдастырылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесіне «Анаға Құрмет» мұражайының өкілдері келді.

Іс-шара барысында мұражай басшылығы сотталған әйелдермен мұражайдың тарихы мен міндеті туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оларға экспонаттар көрсетілді.

Сонымен қатар, бұл кездесу барысында мекемеде шығармашылық үйірмелерді ұйымдастыру мәселесі де талқыланды.

«Бұндай шаралар мекеме қызметкерлерімен сотталғандардың мәдени мұраға деген құндылық қатынасын қалыптастыру, белсенді танымдық қызметке тарту, өз көзқарасын дәлелді түрде білдіру қабілетін дамыту, тұлғаның гуманистік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасарының м.а. Магнис Сабиров.

Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...