12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес профилактикалық сұрақтар мен тәртіптік іс қаралды.

2023 жылдың қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру практикасына талдау жүргізілген болатын.

Көп жағдайда мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру тәртібі заңнамаға сәйкес жүргізілетіндігі көрсетілді.

Алайда,  3 мемлекеттік қызметшілерге  шешілмеген тәртіптік жазасы бола тұра сыйақы берілгендігі анықталып, бюджетке заңсыз берілген сыйақылар қайтарылды.

Мемлекетік қызметшілердің құқықтарын қоғау мақсатында Департаментпен функционалдық блоктар бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бөлуіне мониторинг жүргізілген жүргізіліп, оның қорытындылары қаралды.

Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдар бойынша 27 лауазым тиісті блоктарына сәйкес келмейтіндігі көрсетіп, Алматы қаласы аудандық әкімдіктердің аппарат басшылары тындалып, тиісті ұсыныстар құрастырылды.

Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы сұрағы Кеңес назарынан тыс қалмады.

Бұл ретте, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысымен атқарылған жұмыс нәтижелері тындалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Департаментпен көлік саласындағы мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау жүргізілген болатын.

Нәтижелері көлік саласындағы мемлекеттік органдардың қызметінде кейбір кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен барлық сұрақтар талқыланып, бұзушылықтардын алдын алуға бағытталған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға енгізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселесі Кеңес қарауынан тыс қалмайды.

Қызметтен тыс уақытта Әдеп кодексін бұзған лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік іс қаралып, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен тиісті тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Бұдан бөлек, бұдан бұрын  Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы негізінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазаны мерзімнен бұрын алу туралы ұсынысы қарастырылды.

Жалпы Әдеп жөніңдегі Кеңес қызметі мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына бағытталғаның атап өту қажет. 

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Науқанбай Лаура.

”МИГРАНТ” профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

02.05.2024 жылы Түрксіб станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі...

Рейдовые мероприятия провели среди сотрудников ДУИС Астаны

Сотрудниками Группы собственной безопасности совместно с сотрудниками Отдела воспитательной...

Строевой смотр проведен среди личного состава ДУИС Астаны

В ДУИС Астаны среди личного состава проведен строевой смотр....

Осужденные Алматинской области отметили День единства

Осужденные, отбывающие наказание в учреждении №14 ДУИС по г.Алматы,...

Алматы облысының сотталғандары бірлік күнін атап өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14...