Әдеп кодексі – жоғары талап өлшемі

«Судья – бұл сөйлейтін заң, ал заң – мылқау судья» деген екен данышпан Марк Цицерон. Сол айтқандай, қызметі мен қоғамдағы міндеті заңмен теңестірілген судьялар қауымына артылар жауаптылық жоғары. 

Мемлекеттегі әділдік пен туралықтың тірегі болғандықтан, судьяларға қатысты талап пен тілек ешқашан төмендеген емес. Керісінше, сот саласына қатысты міндеттер мен межелер жылдан-жылға күшеюде. Әсіресе, судьялардың білімімен қоса, әдебіне, қоғамдағы орнына, көпшілікпен қарым-қатынасына жіті көңіл бөлінетінін ұмытпауымыз керек. Ең бастысы, сот саласына өмірін арнағысы келетіндер судьяның жұмысы 24/7, яғни, тәулік бойы жұртшылық назарында екенін түсінуі тиіс. 

Бүгінде белгілі бір шектеулер қойылған істер болмаса, ашық сот процесіне кез келген азаматтың қатысуына кедергі жоқ. Осыны пайдаланған қарапайым халық өзін қызықтырған сот отырыстарына арнайы қатысып жатады. Азаматтар процесті бақылағанда ең алдымен судьяның отырысына, өзін ұстауына, дауыс ырғағына, сөз мәнеріне, теңдік принциптеріне қаншалықты сай келетінін бағамдайды. Судья екі тарапқа да бейтараптық танытып, эмоционалдық көңіл-күйін жасырын ұстауға тиіс. Міне, осы судьялардың қызметтегі және қызметтен тыс кездегі судьяның әдептілік қағидаттары 2024 жылы республика қазыларының ХІХ съезінде қабылданған Әдеп кодексінде толық дәйектелген.

Судьялардың ең алғашқы Әдеп кодексі 1996 жылы республика судьяларының бірінші съезінде қабылданғаны тарихтан белгілі. Содан бері әдеп пен жақсы дағдыға шақыратын бұл құжат бірнеше рет өзгерістер мен толықтыруларды басынан кешірді. Ал жаңа Әдеп кодексінде заманауи өзгерістердің бәрі назарға алынған. Осы қадамның өзі қазылар қауымы үшін әдептілік нормаларының қаншалықты маңызды екенін аңғартады. 

Әдеп кодексі судьялар арасында кең қолданыста. Бұл құжатты қазылардың әдептілік әліппесі, этикалық әрекетінің бағдары десек шындықтан алыстамаймыз. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та судьялардың жаңа Әдеп кодексінің қабылдануын қолдады. Қазылар алдында пайымын айтқан Президент: «Жалпы, судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті Cот жюриі тексереді. Бұл – соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл», – дей келе сот корпусына жоғары  міндеттер жүктеді. Осы межеден табылып, әдептен аспау барша судьялардың парызы.

М.Амиров, 

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының төрағасы

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...