Ақжар ауданының тұрғыны дизель отынын ұрлағаны үшін 40 сағат қоғамдық жұмыстарға сотталды

Ағымдағы жылдың шілде айында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар
ауданының тұрғыны 20 литр дизель отынын ұрлады. Бөтеннің мүлкін жасырын
ұрлағаны үшін ол 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа сотталып, пробация қызметіне
есепке алынды.

«Қазіргі уақытта мен күн сайын тиісті сағаттарымды жұмыс істеп өтеп жатырмын. Жасаған құқықбұзушылығым үшін өкінемін, тегін жұмыс істейтініме қарамастан, жасаған ісім үшін бас бостандығынан айырусыз төлей алатыныма қуаныштымын», — дейді сотталған.

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша немесе оқудан бос уақытта күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде орындалады. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқымайтын сотталғандар қоғамдық жұмыстарды күніне 8 сағатқа дейін, бірақ аптасына 40 сағаттан асырмай орындайды.

«Бұл жазаның өте тиімді түрі болып саналады. Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын мұндай сотталғандар саны азайып келеді. 2022 жылдың басынан бері бұл біздің қоғамдық жұмысқа сотталған алғашқы адамымыз», — деп түсіндірді Ақжар ауданының пробация қызметінің бастығы Ерлан Хасенов.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...