Ақтау қаласында пробация есебінде барлығы 463 сотталғандар тұр

Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.

Маңғыстау обысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Ақтау қаласында пробация есебінде барлығы 463 сотталғандар тұр, оның ішінде шартты сынақ мерзіміне сотталғандар саны — 48, жазасы кейінге қалдырылғандар — 27, белгілі бір қызмет атқару құқығынан айырылғандар -36, қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталғандар — 36, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар — 316.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Рақымшылық жасау туралы Заңына сай Ақтау қалалық сотына 190 құжат жолданды. Барлығы қаралып, қанағаттандырылды: 91 сотталғанға қатысты жаза мерзімінен босатылған және 99 сотталғанға қатысты жаза мерзімдері қысқартылды.

7 ай ішінде 137 сотталғандардың тарапынан жаза өтеу тәртібі және шарттарын бұзу, яғни тіркеуге уақытылы келмеу, кешкілік мезгіл мекен-жайларында болмау және қоғамдық орындарында әкімшілік құқық бұзушылық жасау деректері анықталды. Осыған орай Ақтау қалалық сотына пробация бақылау мерзімін ұзарту, айыру және өтелмеген бөлігіне ауыстыру туралы 7 материал жолданып, екі тұлғаға қатысты материал қанағаттандырылды. Олар бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігіне ауыстырылды.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...