12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАҢТАР ТРАГЕДИЯСЫНАН САБАҚ АЛУ МАҢЫЗДЫ

Қанды қаңтар қоғамдағы татулықты әдейі шайқау мақсатында арнайы жүзеге асырылған жоспар. Басты мақсат – еліміздің жоғары басшылығын ауыстыру болды. Шын мәнінде мемлекеттік төңкеріске әрекет жасалды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде арнайы өткен тыңдауда Бас Прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Бұл депутаттардың сан мәрте сұрау салуымен екінші мәрте өткен шара. Асылов мырзаның айтуынша, тергеу органдары оқиға хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Прокурорлар басқарған ведомствоаралық топ жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қатысушылар, терроризм актілері, күш құрылымдарының бірқатар басшыларының әрекеттері және азаптау фактілері бойынша жұмыс істепті. Жалпы, арнайы прокурорлар тонаушылардың әрекетін кім үйлестірді, ұйымдастырушы кім, олардың көздеген мақсаты не екенін анықтау үшін 720 қылмыстық істі тергепті. Бұл істер бойынша, тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 42 мүшесі қамауға алынды. Одан бөлек, күдіктілердің арасында деструктивті діни ағымдардың 8 жақтаушысы бар. 126 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотталған. Негізінен жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың көбі – 35 жасқа дейінгілер. Бұдан бөлек, шетелдік азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және басқа қылмыстар бойынша күдікті болып танылғаны белгілі болды. Оның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар. Бүгінде осы тергелген істер бойынша 573 адам сотталды. Оның ішінде 2 іс – терракт жасау фактісі бойынша.

КҮДІКТІЛЕР КӨШІН КОМИТЕТТЕГІЛЕР БАСТАДЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке опасыздық жасау және басқа да аса ауыр қылмыстық істер «аса құпия» режимінде тергелді. Материалдарды жариялауға шектеу қойылған, өйткені оларда сыртқы саяси, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер бар. Оларды жариялау ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Қылмыстық істер қазір сотта қаралуда. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді. Тағы бір орынбасары – Ерғожин билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша айыпталуда. Сондай-ақ, бұрынғы орынбасары Осиповке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа басшыларына өкiлеттiктерді асыра пайдалану айыбы тағылып отыр. 2021-де жыл бойы жасырын түрде радикалды шара қолдану үшін арнайы топтың дайындалғаны анықталды. Орындаушылардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топтар болған. Олар адамдарды жинап, қаруландырған, рация және көлік сатып алған. Тергеу анықтағандай, осы бүлдіргі әрекеттердің басында күш құрылымдарының жекелеген өкілдері тұрды. Мысалы, тергеу версиясы бойынша, Алматыда Жұмагелдиев (лақап аты «Дикий Арман») ерекше рөл атқарған. Оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталды. Ол тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, адамдар тобын басқаруды өз қолына алып, билікке бұлтартпас талап қою үшін «халық кеңесі» дегенді құруы тиіс болған. Оған Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, сондай-ақ, қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов көмектесіпті. Ол Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне келуші бандиттерді қаруландырған. Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмаған, халық соңдарынан ермеген. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасының ұсталғаны туралы ақпарат алған соң, сенімді алиби жасау мақсатында, мародерлермен күресті желеу етіп, содырларға қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылған. Сол үшін 6 қаңтарда олар қаланың әр жерінен 24 кездейсоқ адамды ұрлап кеткен, сосын «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингінде оларды ұрып-соғып, ұстап отырған. Кейін оларды қаланың шетіне апарып, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерде түнеткен. Одан соң әуежайға жеткізген, сол жерде Өтепбаев азаптаудан қайтыс болған.

2 МЫҢ ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ҚАЙДА ЕКЕНІ БЕЛГІСІЗ

Прокуратура бүгінде осы фактілер бойынша тергеуді аяқтапты. Бас прокурор аумақтық күштік орган басшыларының билікті асыра пайдалануы туралы фактілерге арнайы тоқталды. Бұл ретте ол жаппай тәртіпсіздіктер шегіне жеткен кезде Алматы қаласы, Алматы облысы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамының барлығы өз ғимараттарын тастап кеткенін ашық айтты. Тергеу кезінде 5 қаңтарда жеке құрамды ғимараттан кетуге дайын болу қажеттілігі туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтың нұсқауы келіп түскені анықталды. Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Мұндай нұсқауды Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттері де орындаған. Турасын айтқанда, осы басшылар әлсіздік танытты. Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын түсірді. Соның салдарынан тәртіпсіздіктің жолын кесу бойынша шаралар уақытылы қабылданбады. Нәтижесінде Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болды. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз. Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қазір сот талқылауы болып жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТСІЗДІК НӘТИЖЕСІ

Жалпы, «қаңтар оқиғасы» бойынша соттар 1 221 адамға қатысты істерді қарады, олардың 1 205 адамы сотталды. «Рақымшылық туралы» заңның қабылдануына байланысты арандатушылардың айтқанына көніп, жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасаған 1 095 адам жазадан босатылды. Оның ішінде сот ауыр қылмыс үшін сотталған 1 001 адамның жаза мерзімін қысқартты. Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергелуде. Жиында сөз алған депутаттар да бұл оқиғаның арнайы сценарий бойынша екенін кесіп айтты. Солардың бірі Ерлан Саиров «Қасіретті қаңтар» легитимді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы реваншистік күштердің «мемлекеттік төңкеріс» әрекеті деп атап көрсетті. Ерлан Биахметұлы бұл ретте 30 жылдың ішінде қалыптасқан «әлеуметтік әділетсіздік» фактілері, халықты саясаттан шеттету тенденциясы қоғамды, жұртты көтерілуге мәжбүр еткенін орынды атап көрсетті. Ұлттық байлықтың аттөбеліндей топтың еншісінде кетуі қордаланған проблемалардың бірден-бір себебі. Өткен жүйеде байлар байып, кедейлер кедейлене берді. «Әлемдік банктің» есебі бойынша, Қазақстан халқының 15 пайызы кедей санатында. 2019 жылы Қазақстанда билік ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күні «демократия мен плюрализм болмай, Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыру мүмкін емес» деп мәлімдеді. Президент билікке келгеннен кейін бірте-бірте, эволюциялық тұрпаттағы саяси реформаларды бастады. Саиров мырзаның айтуынша, бұл қадамдар, бұрынғы биліктің бір бөлігіне ұнамады, дәл осы кезеңде билікішінде реваншистік күштер қалыптасты. Олар саяси реформаларға қарсылық жасады. Сонымен бірге, көптеген жылдар бұрын жоспарлы түрде Коституцияға жасалған әлімжеттік нәтижесінде, заманауи логикаға сәйкес келмейтін, мемлекет мүддесінен тыс қосарланған институт қалыптасып, сол институт күштік құрылымдар, Үкіметтің жұмысына жөнсіз араласты. Нәтижесінде мемлекеттік аппарат, құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдарында Конституцияға, реформаларға қарсы топтар қалыптасты. Міне, осы кертартпа күштер Президент Тоқаевтың эволюциялық түрде, бейбіт саяси реформалар жасай бастағанын көре тұра, бюджет «майшелпегінен», бақылаусыз, шексіз биліктен айырылып қалатынын түсініп, лигитимді Президентке қарсы «заговор» дайындады. Олар жүйелі әділетсіздіктен шаршап, тұрмыс жұтаңдығынан, болашаққа сенімсіздіктен тұралаған азаматтардың бейбіт шеруін, әділ талаптарын пайдаланып кетті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сын сәтте қабылдаған тегеурінді іс-әрекеттерінің нәтижесінде Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығы сақталды. Құқық қорғау органдары тұтқындалған азаматтардан басқа да жасырынып үлгерген, ізін суытып, тасада тұрған реваншистерді анықтауы керек. Мәжіліс бұл мәселені әрқашан өзінің бақылауында ұстайды.

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ КЕМШІЛІК

Депутат Жанарбек Әшімжан бұл оқиғадағы жастарға қатысты шындықты ортаға салды. Ол қаңтар бүлігі жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуінде үлкен олқылықтардың бар екенін айқын көрсеткеніне тоқталды. Сол күндері қылмыскер болуға, елін опасыздардың қолына беруге дайын жас азаматтардың бар екені белгілі болғанын, мұның аса қауіпті үрдіс екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл құбылыс аспаннан құлап түскен жоқ, бұған жылдар бойы мадақ пен мақтаннан арыла алмаған, жалған ұрандарға алданған идеологиялық кеңістіктегі кемшілік пен мемлекеттік басқару жүйесіндегі жастарға деген қалдықты принциппен қарау ықпал етті. Еліміздегі жастардың мәселесіне байланысты қағаз жүзінде даярланатын ақпараттар мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Дегенмен, біздің өзге Отанымыз жоқ. Сондықтан, адал еңбек пен озық білім бағаланатын қоғам құру үшін жастар көп еңбектену керек. Арампиғылды бандиттерді ағалайтын заман емес, білімді паналайтын заман екенін түсінетін уақыт жетті. Жаңа білім алуға, өз кәсібіміздің шебері болуға ұмтылатын, істің тек мәнісін білетін емес, әдісін қатар қолданатын кезең келді. Депутат Айдос Сарым біз әлі де Қаңтардың барша ақиқаты мен шындығын түсінбегенімізді қынжыла жеткізді. Соның салдарынан осы трагедиядан кейінгі кезеңде оппоненттеріміз қасақана таратып жатқан демагогиялық дақпырт пен жалған ақпараттар легіне жүйелі жауап бере алмай келеміз. Тергеу мен сот ісі біткенін ғана күтіп жатпай, идеологиялық жұмысты елге төніп отырған қатерлер деңгейіне көтеретін кез келді. Сонымен қатар Айдос Сарым ОДКБ әскерінің елге келуіне байланысты ойын ортаға салды. Оның айтуынша, еліміздің бірлігін қаламайтын күштер, билік пен халықтың арасына жік салу үшін талай дақпырт таратты. Мысалы, орыс немесе қырғыз әскері халыққа оқ атты деген сияқты. Шындығында олай болмағаны ақиқат. ОДКБ тек техникалық көмек функциясын жүзеге асырды. Елдің, мемлекеттің тәуелсіздігі, тұрақтылығы тек өз әскеріміздің, полициямыздың арқасында ғана жүзеге асты. Бұл тұрғыдан қазақ елі ешкімге де қарыздар болған емес, болмайды да. Қаңтар трагедиясынан шынайы сабақ алғанымыз рас болатын болса, онда Мемлекет басшысы бастаған реформалардың аясында бірігіп, жігер танытып, елдік істі үлкен күш-жігер және біліктілікпен іске асыруымыз шарт. Алдағы жылдар Қазақстан үшін күрделі жылдар болмақ. Ендігі кезде бізге мықты, сыртқы қауіпке төтеп беріп, елін қорғауға қабілетті жаңарған Ұлттық армия, жаңа дәуірге лайықты, ел азаматтарына қорған болар Ұлттық сот, Ұлттық полиция, Ұлттық күштік құрылымдар керек. Осыны қамтамасыз етсек қана Қаңтар трагедиясынан сабақ алғанымыз рас болады.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,