Қаңтар оқиғасында қаза тапқан қызметкердің құрметіне футболдан турнир өткізді

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан әділет прапорщигі Ербол Ержановтың құрметіне Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесі футболдан турнир өткізді.

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға, сондай-ақ Қазақстан Конституция күнің мерекелеу күніне орай Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесі Жетісу облысы бойынша дене шынықтыру және спорт Басқармасының қолдауымен футболдан турнир өткізді.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге депаптамент және ведомстволық бағынысты мекемелер, сондай-ақ пробация қызметі және ҚАЖ ардагерлерінің командалары қатысты.

» Мұндай іс — шаралар көбінесе батырларды еске алуға арналады, сонымен қатар салауатты өмір салтын ынталандыру және ҚАЖ қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады», — деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Турнирде бірінші орынды ЛА-155/16 тергеу изоляторы, екінші орынды Департамент және үшінші орынды ЛА-155/4 мекемесі иеленді.

Жеңімпаздарға грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...