Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау: заң жобасы Мәжіліске өтті

Мәжіліс қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды. Бұл туралы Парламенттің төменгі палатасы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді, дейді Қожахметов.

«Заң жобасының мақсаты — 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке байланысты немесе оның Қазақстан аумағындағы жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату не сот тағайындаған жаза мерзімін қысқарту.

Заң жобасы азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған тұлғаларға мемлекет пен қоғам тарапынан мейірімділік пен ізгі ниет акті саналады», — деді депутат.

Еске салайық, Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялаған болатын.

Исполнительная надпись: как защитить права в суде

ЕСЛИ ДОЛЖНИК СВОЕВРЕМЕННО НАПРАВИЛ МОТИВИРОВАННОЕ ВОЗРАЖЕНИЕ, НОТАРИУС ОТМЕНЯЕТ ИСПОЛНИТЕЛЬНУЮ...

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...

Жилье должно быть по карману

АРЕНДА ЖИЛЬЯ В КАЗАХСТАНЕ ЗА ГОД ПОДОРОЖАЛА НА 17,1...

БАСҚА ҚАЛАДАҒЫ СТУДЕНТТІК ӨМІР

Студенттік шақ — әр адамның өміріндегі ерекше кезең. Ал...