Қаңтар оқиғасы — мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің әрекеті — бас прокурор

Бас прокурор Берік Асылов 2022 жылдың қаңтарында болған оқиға мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор қаңтарда елдегі жағдайдың өте күрделі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жағдайды өз пайдасына пайдаланғысы келгендерге наразылық шерулері таптырмас мүмкіндік болған.

«Қаңтардағы оқиға мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің мұқият жоспарланған операциясы екенін айта аламыз. Іс жүзінде төңкеріс әрекеті болды», — деді Берік Асылов.

Бас прокурор ҰҚК-нің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деген белгімен тергеліп жатқанын атап өтті.

«Материалда мемлекеттік құпия болғандықтан барлық процесс жабық өтеді. Істе сыртқы саясат, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер бар. Мұндай ақпаратты жария ету ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр», — деді ол.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.