Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адамға рақымшылық жасалады?

Сенат депутаты Владимир Волков қаңтар оқиғасы бойынша қанша адам рақымшылыққа ілінетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Волковтың айтуынша, 1,5 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілінген.

«Бүгінде қаңтар оқиғасы бойынша сотталған 1112 адамның 128-і ғана бас бостандығынан айырылды. Заң қабылданғаннан кейін 40-тан аса адам, алдағы жарты жылда 50-ге жуық адам қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылады», — деді Владимир Волков.

Сенатор сотталғандарға рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді сот әр адам үшін жеке қабылдайтынын баса айтты.

«Ауыр қылмыс жасаған 363 адамға қатысты (тергеліп жатқан және сотта қаралған істер бойынша) жаза тағайындау кезінде рақымшылық қолданылады», — деді сенатор.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...