Қаңтар оқиғасы: қанша шетел азаматы тергеуден өтіп жатыр?

Қаңтар оқиғасы бойынша 19 шетел азаматына қатысты тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде қылмыстық өндіріс бойынша жалпы 19 шетел азаматы бар. Оның ішінде 11-і — Өзбекстан азаматы, төртеуі — Ресейден, екеуі — Қырғызстан, біреуі — ҚХР, біреуі Тәжікстаннан. Бұл адамдар жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін, ұрлық және басқа қылмысқа қатысымен дәрежеленеді. Бірақ бұл түпкілікті мәлімет емес. Тергеу жүріп жатыр. Өзгеруі мүмкін», — деді қылмыстық істерді қадағалау бойынша қызметінің басшысы Серік Шалабаев Мәжіліс отырысында. 

Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен басқа да органдар қаңтар оқиғасы туралы есеп беріп жатыр. 

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...