ҚР Тәуелсіздік күніне орай, №8 түзеу мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімі қызметкерлері және мекеме жанындағы кешкі (ауысымдағы)ЖББ мектеп мұғалімдерінің бірлесіп ұйымдастыруымен мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында “Мықты болсаң ,озып көр!» интеллектуалдық сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты — жазасын өтеуші азаматтардың Отанды, елді, жерді сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Сайысқа әділ қазылар алқасы ретінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы тобының бас маманы әділет майоры Руслан Тулегенов, №8 түзеу мекемесінің әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығының м.а. әділет подполковнигі Сандибек Дюзембаев және мекеме жанындағы кешкі (ауысымдағы) ЖББ мектеп директоры Шамшат Жубай тағайындалды.
Сайысқа қатысып белсенділік танытқан жазасын өтеушілер марапатталып, олардың арасында сотталған Е. есімді азамат “Дарынды жігіт” номинациясын жеңіп алса, сотталған Н. “Алғыр жігіт”, ал тағы бір сотталған Е. есімді азамат «Өнерлі жігіт” номинациясына ие болды.