Ақтөбедегі түзеу мекемесінде жазғы спартакиада басталды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында жыл сайынғы түрлі спорт түрлерінен жазғы спартакиада басталды.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, аталған спартакиада түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың түзелуіне қол жеткізуге ықпал ететін салауатты өмір салтына ынталандыру және дамыту, сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

«Спартакиада барысында бұған дейін жасақтар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілді, яғни 100 метр қашықтықа жүгіру, арқан тартыс, турникке тартылу, армреслинг, гір көтеру, брусьяға тартылу. Алдағы уақытта үстел теннисінен, шағын футболдан, шахмат, шашка ойнау секілді жасақтар арасында түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі»,- дейді КА- 168/2 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Қанат Макатов.

Гүлфаруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...