Ақтөбедегі түзеу мекемесінде жұмысшы- сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінде мекеме бастығының жалпы сұрақтары бойынша орынбасары әділет подполковнигі Асқар Құбайдуллин, РМК «Еңбек- Жайық» филиалының директоры Ерлан Байбек және түзеу мекемесінің өндірістік аумағында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес отырысы өтті.

№8 түзеу мекемесіндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша бөлім бастығы әділет майоры Жеңіс Сариннің айтуынша, өзекті мәселелер талқыланған кеңес отырысының мақсаты – түзеу мекемесі аумағындағы өндірістік аумақта жұмыс жасайтын сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Басқосудағы басты мәселені талқылай келе оған қатысушылар «Өндірістік аумақта жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сотталған- жұмысшыларды бақылауды қамтамасыз ететін бригадирлер және шеберлердің (мастер) жұмыс орнында болуын бiрлесiп жүзеге асыру қажет» деген шешімге келді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...