Ақтөбедегі қоныс колониясында 9 айдың жұмысын қорытындылады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Нұрбек Кабдикаримов, департаментке қарасты №9 мекемесінде 9 айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді. Жедел кеңесте 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелері, жеке құрам және сотталғандарға қатысты өзекті мәселелерді талқылаған департамент бастығының орынбасары жеке құрамға алдағы кезек күттірген жұмыстарға қатысты нақты тапсырмаларды берді.

Кеңес отырысының соңында №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты А.Мұсабекұлы ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетімен Республика күніне орай Алғыс хатпен марапатталды.

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...