Ақтөбедегі №70 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар «Жәй ғана әзіл» жайдарман сайысында өнер көрсетті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандардың бос уақыттарын тиімді, әрі пайдалы өткізу мақсатында «Жәй ғана әзіл» атты жайдарман сайысы өткізілді.

Арнайы контингент арасындағы әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайыста сотталғандардан құралған үш топ өнер көрсетті. «Таныстыру, пародия, үй тапсырмасы, көрермен сұрағы және би сайысы» секілді бес кезеңнен құралған сайыста мекеме қызметкерлерінен құралған әділқазы алқасы сотталғандардың өнерін ұпайлар арқылы бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

«Аталған іс-шараның мақсаты — сотталғандардың бос уақыттарын тиімді өткізе отырып, болашаққа деген ерік жігерлерін ояту және сотталғандар арсындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады»,- дейді №70 мекемесінің Арнайы контингент арасындағы әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Н.Т.Ықлас.

Жайдарман сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болған топтар арнайы кубоктармен және мадақтамалармен марапатталды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...