Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 4:11-де (Нұр-сұлтан қаласы уақыты) кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова №15 мекенжайындағы «Альтаир» жанармай құю станциясында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары дереу жіберілді», — делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды, нәтижесінде 600 шаршы метр алаңда ғимараттың құлауы мен ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 автокөлік зақымданған. Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автокөлік газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде болған.

ТЖ орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары, сондай-ақ ЖАО 2 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Жарылыстан мекемеде күзетші болып жұмыс істейтін азамат зардап шеккен. Жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің өлі денесі табылды.

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...