Ақтөбеде түзеу мекемесі қызметкерлерінің кәсіби даярлығы жіті бақылауда

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің жеке құрамының кәсіби даярлығымен қоса, дене шынықтыру даярлығы да жіті бақылауда ұсталады.

Мекеменің кадр саясаты бөлімшесінің кәсіби даярлығы бойынша аға инспекторының айтуынша, аптасына екі рет рет өтетін дене шынықтыру даярлығында мекеме қызметкерлері жеңіл және ауыр атлетика, жауынгерлік күрес тәсілдері мен спорттық ойындар бойынша сыналады.

«Құқық қорғау органдарында қызметкерлердің жауынгерлік күрес тәсілдері секілді дене шынықтыру даярлығының да жоғары болуы маңызды. Сондықтан, жыл сайын жеке құрамнан дене шынықтыру даярлығынан аралық және қорытынды сынақтар қабылданып тұрады. Сынақтар нәтижесімен оны тапсырған қызметкерлерге сыныптық біліктілігі беріледі немесе алынып тасталады»,- дейді №8 түзеу мекемесінің кәсіби даярлық бойынша аға инспекторы әділет капитаны Изат Нугманов.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...