Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандарды әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды

Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының пробация қызметінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі Алматы ауданының №3 қалалық полиция бөлімінде өткен іс- шарада қаралды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Азамат Наукеновтың басшылығымен өткен іс-шараға арнайы шақыртылған облыстың аға прокуроры Қайрат Юсупов, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлзабира Бисембаева және Пробация қызметкерлері, есепте тұрған сотталғандар қатысты.

Кездесу барысында есепте тұрған сотталғандарға «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді қайта даярлау курсына, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына) және біржолғы әлеуметтік көмек алу туралы және қажетті құжаттар тізімі жөнінде толық мәліметтер берілді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...