Ақтөбеде Пробация есебінде тұрған сотталғандар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алды

№3 Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің мәжіліс залында Ақтөбе облысы бойынша Медиаторлар кеңесі қоғамдық бірлестігінің басшысы Алтынай Муханова және Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен, есепте тұрған сотталғандар арасында тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын-алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті.

Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық салдары қолайсыз отбасылардың санын көбейтіп, ажырасуға, ата-ана құқығынан айыруға немесе кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың артуына әкеліп соғады. Көп жағдайда әйелдерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық жағдайлары тіркелмеген күйінде қалып жатады. Себебі, мұндай қылмыстың құрбанына айналған нәзік жандылардың көбісінде «ұят болады, үйдегі ренішті сыртқа шығаруға болмайды» деген түсінік қалыптасқандықтан, олар үнсіз қалғанды жөн көреді. Алайда, зорлық- зомбылық жәбірленушінің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпаққа теріс үлгі болып табылады.

Ақтөбе қалалық ішкі саясатының тапсырысына сәйкес ұйымдастырылған аталған іс- шараға қатысқан есепте тұрған 23 сотталған кездесуде өздерін еркін ұстап, сұрақтарын ашық қойып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, өздерінің басынан өткерген өмірдегі мысалдарын келтіре отырып, мамандардан кеңестер алды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...