Ақтөбеде Пробация есебінде тұрған сотталғандарға бос жұмыс орындары, кәсіп ашу және басқа да қызмет түрлерін ұсынған кездесу іс- шарасы өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы Мейрам Дильмухамбетов, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Алтынай Маханова және Ақтөбе қаласының Алматы ауданы прокурорының аға көмекшісі Гүлназым Алиеваның қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға Ақтөбе қаласы бойынша инфрақұрылымдық жобаларға уақытша құрылыс және жол-жөндеу жұмыстары, бүгінгі күнге келіп түскен барлық бос жұмыс орындары, кәсіп ашу және басқа да ұсынылатын қызмет түрлері туралы толық ақпараттар берілді.

Іс- шараның нәтижесімен, Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10-ға жуық азаматқа тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына жолдама берілді. Ал, 27 есепте тұрған азамат әр түрлі себептерді алға тартып, ұсынылған жұмыстардан жазбаша түрде бас тартты.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...