Ақтөбеде пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік қолдайтын ашық есік күні өтті

«Ихсан» орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік қолдауға арналған «Open space» форматында ашық есік күні өткізілді. Шараның негізгі мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың діни және психологиялық сұрақтарына жауап беріп, олардың жұмыспен қамтылып, кәсіп ашуына оң ықпал ету болып табылады.

Аталған шараға Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы және «Ансар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы және «Ихсан» орталығының теолог мамандары қатыстырылды.

«Шара барысында жұмысқа орналасу, тегін курстар оқу, қайтарымсыз гранттар алу, мекен-жайға тіркелу, атаулы әлеуметтік көмек алу және т.б. маңызды мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ, теолог және психолог мамандар тарапынан «Адал кәсіп және оның берекесі», «Мінез-құлық және Суицид» тақырыптарында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілді»,- дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Мейрам Дильмухамбетов.

Кездесу соңында қатысушы есепте тұрған сотталғандардың тақырып аясындағы қызықтырған сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...