Ақтөбеде қоғамдық жұмыстан бас тартқан пробация есебіндегі сотталған екі тәулікке қамалды

Есірткі пайдаланғаны үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу жазасы тағайындалған Ақтөбе қаласының тұрғыны 2022 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Алайда, өзіне жаза түрінде тағайындалған 80 сағаттық қоғамдық жұмыстың 32 сағатын ғана орындаған сотталған Б, қалған 48 сағатты орындаудан себепсіз бас тартады.

Сот белгілеген жаза өтеу тәртібінен бас тартқаны, яғни қоғамдық жұмысты толық орындамағаны үшін Пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтың жазасын «қамау» түріне ауыстыруға қатысты Ақтөбе қаласының №2 сотына жадығат жолдайды. Тиісінше, Сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, сотталған Б.-ны 12 тәулікке қамауға алуға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фото: онлайн форматта өткен сот отырысынан түсірілді

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....