12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кеңес отырысы өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мирзалиевтің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі меморандум шеңберінде кеңес отырысы өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәртіп пен заңдылықтың сақталуы секілді бірқатар мәселелердің түйіні тарқатылған кеңес отырысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Руслан Уразбаев, департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Бақытжан Илюпов және мекеме басшылары мен ҚАЖ қызметкерлері қатысты.

Кеңес отырысын ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Руслан Уразбаев: «Мемлекет басшысы атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Заңның үстемдігін орнату және осы мемлекетті құру үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлықты жою қажет»,- деді.

Ал, күні бүгінге дейін меморандум шеңберінде ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды бірлескен жұмыстардың жүргізіліп келетінін тілге тиек еткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мирзалиев:
«Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі мен Ішкі істер министрлігі басшылығының арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалған болатын. Аталған меморандумның басты мақсаты – мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған бірлескен жұмыс жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды күшейту және жемқорлықтың себептері мен шарттарын жою бойынша тиімді шаралар қабылдау болып табылады»,- деді.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жеке құрам арасында түрлі бағыттағы іс- шаралар мен арнайы жиындар өткізіліп келетінін тілге тиек еткен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бақытжан Илюпов, ҚАЖ департаменті және оған бағынысты түзеу мекемелеріндегі жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасындағы жұмысты ұйымдастыру және төтенше оқиғалар фактілеріне жол бермеу бағытындағы жүргізілген жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.

Сондай- ақ, кеңес барысында Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу жөнінде баяндама оқыған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Баянбек Шуиншбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Әнуар Байған және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкері Дастан Абдигалиевтер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидаларына тоқталып, жеке құрамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кеңес отырысын қорытындылаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Руслан Уразбаев, ҚАЖ қызметкерлеріне заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды одан әрі күшейту бойынша нақты тапсырмаларды берді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фото автордыкі

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...

НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ПО НДС

В ВКО УСПЕШНО РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «БИЗНЕС И НАЛОГИ». В...