Ақтөбе облысының Пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарды мекенжайы бойынша тексеруде

Пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, алдын алу, оның ішінде тұрмыстық зорлық- зомбылықты болдырмау, сонымен қатар пробация қызметкерлері және полиция бөліністерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты аудандық пробация қызметтерінің жеке құрамы ағымдағы жылдың 28 қараша — 4 желтоқсан аралығында облыс аумағында «ТҰРМЫС» жедел -профилактикалық іс-шарасына қатысуда.

Жедел профилактикалық іс-шара барысында Хромтау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып пробация есебінде тұрған сотталған азаматтардың сот жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындауын, отбасылық, тұрмыстық қарым-қатынасына бақылауды жүзеге асыру мақсатында олардың тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс орындары бойынша тексеру жүргізіп, профилактикалық жұмыстарды атқаруда.

Қазіргі таңда аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде, сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметіне ескертпестен және рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен басқа елді мекенге шыққан Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 2 сотталғанға қатысты жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру жөніндегі ұсыныс пен құжаттар сотқа әзірленуде.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...