Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында пробация есебінде тұрғандардың тіркелуге келуін саусақ ізімен анықтайтын биометриялық терминал орнатылды

Мұғалжар аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың пробация қызметіне тіркелуге келуін электронды құрылғы арқылы бақылау үшін биометриялық терминал сатып алынды.

«Бұл құрылғы есепте тұрған азаматтардың саусақ іздері мен кескін-келбетін сканерлеу арқылы олардың жеке басын анықтап, дәлелдеу процесін жүзеге асырады. Яғни, пробация қызметіне тіркелуге келген сотталғандарды құрылғы автоматты түрде өз жадына сақтап, сотталғандардың уақытылы тіркелуге келгені немесе келмегендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, биометриялық терминал – Пробация қызметіне тіркелуге келмеген сотталғандармен уақытылы профилактикалық іс-шаралар жүгізуге септігін тигізіп қана қоймай, есепте тұрған сотталған азаматтарға қатысты іс-құжаттарды қарау процесінде сот отырысында да тіркеуге келуі туралы ақпарат алуға негіз бола алады»,- дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...