Ақтөбе облысының ҚАЖ мәселелері қала әкімдігінде өткен консультативті- кеңесші органдары отырысында талқыланды

Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру» жөніндегі консультативті- кеңесші органның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы тобының бас маманы әділет майоры Руслан Тулегенов «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға арнап қайырымдылық концерттері мен мәдени шараларды өткізу бойынша жүргізілген жұмыстар» жөнінде баяндама жасаса, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД медицинамен қамтамсыз ету тобының бас маманы Шынболат Дауылбаев «Сотталғандар арасында өмірлеріне аса қауіпті, соның ішінде туберкулез және өзгеде жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар» туралы әңгімеледі.

Ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша баяндаған Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Мейрам Ділмұхамедов және Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Нұрсұлтан Самбаев, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылған пробация есебінде тұрған сотталғандардың жаза өтеу барысы бойынша айтып берді.

Консультативті- кеңесші органдары отырысын қорытындылаған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова, мүдделі орган өкілдеріне өңірдегі түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші және пробация есебінде тұрған сотталғандарға қатысты әлеуметтік және медициналық көмек көрсету жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...