Ақтөбе облысында пробация қызметінің есебінде тұрған жастар тазалық акциясына қатысты

«19 қыркүйек — бүкіл әлемдік тазалық күні» ретінде еліміздің әр өңірінде аталып өтетін жалпыұлттық сенбілікті Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Хромтау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және аталған пробация есебінде тұрған жастар аудандық жастар ресурстық орталығы ұжымымен бірге бастап кетті.

Бүгін, Хромтау аудандық әкімдігінің алдына жиналған 10-нан астам белсенді жастармен бірге Хромтау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және есепте тұрған жастар «Самара- Шымкент» тас жолының жағалауын қоқыстан тазартты.

«Аталған акцияға пробация есебінде тұрған жастарды қатыстырудағы мақсат — оларды қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, таза ұстауға баулу, олардың бойына жауапкершілік сезімін ұялату,- дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ізбасар Сәт.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...