Ақтөбе облысында мұнай төгілді: тексеріс басталды

Ақтөбе облысында Кеңқияқ және Шұбарши ауылдары маңында мұнай аралас су төгілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Министрлік мәліметінше, «Кеңқияқмұнай» кенішіндегі №797 ұңғымада сұйықтықтың ағуы туралы хабар 30 қазанда түскен.

«Факт бойынша департамент инспекторы аралау жүргізіп, онда 29 қазанда сағат 22:30 шамасында ұңғымада негізгі оқпанның дәнекерленген жері үзілгені анықталды. Ластанған аумақтың көлемі үш мың шаршы метр. Апат салдарын жоюмен «Ақберен» ЖШС айналысып жатыр», — деді министрлік.

Ресми деректерге сәйкес, апат орнында №797 ұңғымасынан мұнай аралас ластанған су ағып жатыр.

«Инспектор оқиға орнынан аумақты өлшеп, сынамалар алды. Кәсіпорын өкілдері қатысып, акт жасалды. Дерек бойынша департамент жоспардан тыс тексеріс тағайындайды», — деді министрлік өкілдері.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...