Ақтөбе облысында мұнай төгілді: тексеріс басталды

Ақтөбе облысында Кеңқияқ және Шұбарши ауылдары маңында мұнай аралас су төгілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Министрлік мәліметінше, «Кеңқияқмұнай» кенішіндегі №797 ұңғымада сұйықтықтың ағуы туралы хабар 30 қазанда түскен.

«Факт бойынша департамент инспекторы аралау жүргізіп, онда 29 қазанда сағат 22:30 шамасында ұңғымада негізгі оқпанның дәнекерленген жері үзілгені анықталды. Ластанған аумақтың көлемі үш мың шаршы метр. Апат салдарын жоюмен «Ақберен» ЖШС айналысып жатыр», — деді министрлік.

Ресми деректерге сәйкес, апат орнында №797 ұңғымасынан мұнай аралас ластанған су ағып жатыр.

«Инспектор оқиға орнынан аумақты өлшеп, сынамалар алды. Кәсіпорын өкілдері қатысып, акт жасалды. Дерек бойынша департамент жоспардан тыс тексеріс тағайындайды», — деді министрлік өкілдері.

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының басшысы: байқаушылар облыстың 922 учаскесін қамтиды

 Түркістан облысы бойынша "Дауыс" байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев...

Бір миллионнан астам адам дауыс бере алады»: Марат Сұлтанғазиев референдумда өз таңдауын жасады

Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берді. Өңір басшысы...

Референдумдағы «ерекше вайб»: Қазақстандықтар дауыс беру барысында креатив танытуда

Республикалық референдум тек азаматтық жауапкершілік сынағы ғана емес, сонымен...

Жәбірленушінің жауапкершілігі: құқық пен міндет теңдігі

Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жағдайда ең...