Бір миллионнан астам адам дауыс бере алады»: Марат Сұлтанғазиев референдумда өз таңдауын жасады

Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берді. Өңір басшысы Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл күннің ел үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи сәт. Өзім тіркелген референдум учаскесіне барып, Алматы облысы тұрғыны әрі осы елдің азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Әр азаматтың таңдауы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына негіз болады», – деген Марат Елеусізұлы Алматы облысында бұл науқанды ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын баяндады.

«Өңірде жалпы саны 677 референдум учаскесі ашылды. Оның ішінде ауруханалар, әскери бөлімдер мен әлеуметтік орындарда 36 учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесін жүргізуге тартылған 4781 маманның барлығы арнайы оқудан өтіп, дайындықтарын пысықтады. Сондай-ақ 16 қоғамдық ұйым өкілі бақылау жүргізуде.

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін цифрлық мүмкіндіктер де қарастырылған. Учаскелердің басым бөлігі азаматтарды тексеру жүйесіне қосылған. Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең қалалары мен Өтеген батыр кентіндегі 5 учаскеде тұрғындарды тікелей сол жерде тізімге қосу мүмкіндігі бар. Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар 1 миллионнан астам азамат тізімге еніп, олардың барлығына шақыртулар таратылды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз дауыс беруіне ерекше көңіл бөлінді. Облыстағы 2320 мүгедектігі бар азамат үшін учаскелерде арнайы пандустар, ыңғайлы кабиналар мен көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған көмекші құралдар мен белгілер орнатылды», – деген облыс әкімі өзгеріс жауапкершіліктен басталатынын, жаңартылған Конституция әрқайсымыздың құқығымызды нығайтып, мемлекеттің халық алдындағы міндетін айқындай түсетінін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша Жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Кәмелет жасына толған әрбір азамат өз таңдауын жасауға құқылы.

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...