«Ақниет» ақпараттық- насихаттау оңалту орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Төлеген Талдыбаев, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамымен кездесу барысында террористік және радикалды идеологиядан зардап шеккендерді оңалту және бейімдеу туралы айтып берді.
Жеке құраммен әңгімелесу барысында Төлеген Талдыбаев, сондай-ақ жат діни нанымдарға ұшыраған адамдардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімімен бөлісіп, негізінен террористік әрекеттерге бейім адамдарды оңалту туралы егжей-тегжейлі айтты.
— Көп жағдайда мінез-құлқында психологиялық тұрақсыздығы бар немесе күйзеліске ұшыраған азаматтар террористік сипаттағы іс-әрекеттерге көнуге бейім тұрады. Осы тұрғыда, қателікке бой алдырмау үшін алдымен адамның өзін рухани дамытып, жүрегін таза ұстауы өте маңызды», — деді теолог.
Айта кету керек, аталған қоғамдық қордың «Теология» саласындағы мамандары Ақтөбе облысының түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында тұрақты түрде ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.