Ақтөбе облысында 5 жасар егіз бала өрттен қаза тапты

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылында өрт болып, 5 жасар егіз балалар қаза болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 3 ақпанында кешке жеке тұрғын үй өртенген, өрт аумағы 8 шаршы метрді құраған.

«Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенге дейін еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт кезінде үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі де ыстан уланып қайтыс болды. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған», — деп  хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мамандарының болжамы бойынша, өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан.

«Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және мүмкіндігінше балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», — деп қорытындылады өрт сөндірушілер.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...