Ақша жымқырды деген айыппен Шухрат Данбай ұсталды

Күдіктіге ақша жымқырды деген айып тағылған.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, Шухрат Данбай Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алу үшін  бөлінген ақшаны жымқырған. Ол 16 ақпанда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Агенттікктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-геа қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...