АҚШ соты Әблязовке барлық кіріс көздері мен активтерін жария етуді міндеттеді

Америка соты Мұхтар Әблязовке тікелей және жанама түрде оған қатысты барлық кіріс көздері мен активтерін жария етуге міндеттеді. Егер ол бұл шартты 30 қыркүйекке дейін орындамаса, сотты құрметтемегені үшін күніне мың доллар айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Тиісті шешімді Нью-Йорк округтік соты 19 тамызда шығарған.

Санкциялар Әбілязов БТА банкі мен Алматы қаласы атынан талап қоюшыларға 140 мың доллар төлегенге дейін күшінде болады. Төлеу туралы шешім 2020 жылдың ақпан айында Әбілязовтың сот сұраған дәлелдемелерді беруден бас тартқаны үшін қайтарылған. Бірақ БТА банкінің бұрынғы басшысы бұл талапты орындамаған. Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы кеткен болатын. 

2017 жылы ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді және БТА банкінің қаражатын жымқырды деген айыппен Қазақстанда сырттай 20 жылға сотталған. Алаяқтық пен ақшаны жымқыру фактілері бойынша Ресей мен Украинада да қылмыстық істер қозғалған.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...