«Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы

ҚР ІІМ ҚАЖК «№ 24 мекемесі» РММ-де «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және пробация қызметімен бірлесіп, сотталғандардың қатысуымен «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша іс-шара өткізілді.

Сотталғандарды ағайын-туыстары қарсы алды. Пробация қызметінің өкілдері жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен (ЖЖА) ауыстыру бойынша босағандармен әңгіме жүргізді. Оларға құқықтары мен міндеттері, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері мен тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығының өкілі оларға әрі қарай жұмысқа орналасу, әлеуметтік пакетті, заң көмегін, сондай-ақ психологтың қызметін алу туралы кеңес берді. Осы әлеуметтік жобаның арқасында босатылған адамдар қандай мамандықты алуға, қалай жұмыс табуға болатындығы туралы ақпарат алды.
Іс-шараның мақсаты — сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндерде (еңбекке орналастыру және күнделікті тұрмысқа бейімделу) қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.
Д.Ж. Тұрғамбаева,
ҚР ІІМ ҚАЖК
«№24 мекемелер» РММ
ҚТҚ аға инспекторы,
әділет капитаны

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...